БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақ хандығының 550-жылдығына және Астана қаласында  «Expo 2017. Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесінің ашылуына орай, Қазақстан Республикасы елордасының тұрғындары мен қонақтары үшін мейрамхана иелерінің шығармашылық командасы бірегей гастрономиялық жоба - «TheSultans» ұлттық жеңсік тағамдар мейрамханасын  ашты, бұл Қазақ хандығының негізін салушылар Керей және Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында орналасқан.

Біз қонақтарымызға қазақ халқының ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдарын ұсынамыз. Көшпенділер тұтынған тағамдардың бірегей рецептері Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған. Бірнеше айлар бойы тағамдардың дәмі мен түрінің үйлесімділігін қалыптастыруда Орта Азияның ең дарынды азпаздары еңбек етіп, тағамдарды қазіргі қазақстандықтардың дәм талғамдарына бейімдеді.  

Винотека

«Жақсы шарапсыз өмірдің мәні жоқ» - деген екен бір кездері Иоган Вольфганг фон Гёте.

Шарап жасауды үйренген әрбір халық бекзат шараптың шығу тегі таңғажайып деп санаған. Шарап философтар мен суретшілердің, ақындар мен сахна шеберлерінің ішімдігі болып саналған. Ал ежелгі құдайлар жайындағы аңыздарда шарап олардың сүйікті ішімдігіне жатқызылған. Ежелгі римдіктер: «Invinoveritas» (Ақиқат - шарапта) деп атаған. Шарап – корольдер мен олардың уәзірлері, әлем басқарушылары мен қарапайым халықтың ішімдігі. Шарап татуластырады, сүйіспеншілікке баурайды, оның құнын білгендердің ортақ ой бөлісулері мен тілдесуінің септігі болады.

«TheSultans» мейрамханасының шарап қоры  - Франция, Италия, АҚШ, Испания және Қазақстан өндірушілері шараптарының кең сұрыптамасын қамтиды.

Франция өңірі Бордо және Бургундия провинцияларының классикалық шараптарымен танымал.

 

ОҚИҒАЛАР

БІЗГЕ ЖАЗЫҢЫЗ